2023 жылдың 01 қарашасы күні “Өрлеу” БАҰО АҚФ…

?2023 жылдың 01 қарашасы күні “Өрлеу” БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша кәсіби дамыту институтының жоспарына сәйкес «Елек орта мектебі» КММ-де облыстық физика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған».

«Физика және информатика сабақтарында оқушылардың практикалық жұмыстарды жасау дағдысын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

?Семинар мақсаты: практикалық тапсырмаларды орындауда мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету,кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату.

?Семинар барысында.

Елек орта мектебінің директоры Самат Дауренбекович семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Бастауыш класс мұғалімдері Лаукенова Л.Ж. және Қыстаубай Б.А. психологиялық тренинг арқылы жақсы көңіл-күй қалыптастырды.

Семинардың практикалық бөлімінде. Физика пәні мұғалімі Жаманшина Э.С. «Зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау тәсілдері мен әдістері», информатика пәні мұғалімі Байдосова Г.А «PYTHON бағдарламалау тілінің қосымша мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық сабақтарымен бөлісті.

Информатика пәні мұғалімі Алдиярова Г.А. «Робототехника-болашақтың бағдары» тақырыбында роботтарды мобильді қосымшалар арқылы басқару тақырыбында әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары,информатика пәні мұғалімі Трумбетова Л.Д. «Google қосымшаларын пайдаланып электронды портфолио әзірлеу» атты коучинг жүргізді.

Тәрбие ісінің орынбасары Кушербаева Г. М. семинар жұмысын қортындылау мақсатында курс тыңдаушыларынан кері байланыс алды.

Семинар қорытындысында “Өрлеу” БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша КДИ кафедра аға оқытушысы, т.ғ.м. Изтлеуова Акмарал Актамбаевна семинар ұйымдастырушыларын Алғыс хаттармен марапаттады.