Елек орта мектебі алдағы 2025-2026оқу жылына арналған бірыңғай мектеп формасы көпшілік назарына ұсынады.
? Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларымыздың сыртқы келбеті мен ұқыптылығы, тәртібі мен мектепке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы формалық киім енгізіледі.
⚜️ Форма үлгісі – қою көк түсті.
? Форма – қыз балаларға да, ұл балаларға да ортақ, кең пішімді, ыңғайлы әрі сәнді стильде дайындалған.
?Қыз балаларға арналған форма:
- Қою көк түсті юбка (тізеден төмен)
- Қою көк түсті классикалық жилет
- Ақ жейде (блузка)
- Классикалық аяқ киім
?Ұл балаларға арналған форма:
- Қою көк түсті классикалық шалбар
- жилет
- Ақ түсті көйлек
- Классикалық үлгідегі жинақы аяқ киім
✅ Бұл форма:
- Бірізділікті қалыптастырады
- Мектептің айрықша мәдениетін көрсетеді
- Оқушының тәртіпті болуына ықпал етеді
- Артық жарыс пен материалдық алшақтықтың алдын алады
? Мектеп формасы – тек киім ғана емес, білім ордасына деген құрметтің белгісі. Әр оқушы осы форма арқылы ұжымдық жауапкершілік пен тәртіпке бейімделіп, мектептің біртұтас бейнесін қалыптастырады.


