2025жылы 28тамыз күні 1-ші педагогикалық кеңес өткізілді

2025жылы 28тамыз күні 1-ші педагогикалық кеңес өткізілді.»Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында «Өрлеу» БАҰА қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Шәймерден Қалдымұрат Сәлкенұлы педагогикалық кеңеске қатысты. Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету. 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.

Күн тәртібінде:

1️⃣ 2025–2026 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хат-Трумбетова Л. Д.
2️⃣ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құжаттар-Кушербаева Г. М.
3️⃣ Бірыңғай педагогикалық кеңесті өткізу тәртібі-Кукинбаев С. Д.
4️⃣ Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық-Тогимбаева Б. Ж.
5️⃣ ҚР орта және ТжКБ ұйымдарында ЖИ жүйелерін қолданудың этикалық стандарттары-Трумбетова Л. Д., Боранбаев Б.
6️⃣ 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері-Тогимбаева Б. Ж., Сакен Р.
7️⃣ Академиялық адалдықты сақтау ережелері-Кушербаева Г. М.
8️⃣2025-2026 оқу жылының оқу-тәрбие жоспары мақсаттары мен міндеттері, педагогикалық кеңес құрамы, әдістемелік кеңес құрамы, бірлестік жетекшілері, қамқоршылық кеңес құрамы, шығармашылық топ жетекшілер, сынып жетекшілер, кабинет меңгерушілер, сағат бөліктері, сынып комплектісі жұмысы, пән мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары, сынып жетекшілерінің тәрбие жоспары және үйірме жұмыстарының жоспарын бекіту.