24 желтоқсан күні ҚР Президент, облыстық, қалалық әкімдігінің атынан өткізелетін…

24 желтоқсан күні ҚР Президент, облыстық, қалалық әкімдігінің атынан өткізелетін «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты Жаңа жылдық шыршаға бір топ оқушылар қатысып келді.

Олар:

  1. Жолдығали Аружан 6 А класс оқушысы – Президенттік шырша
  2. Құнанбайұлы Қайсар 4Ә класс оқушысы – облыс әкімінің шыршасы
  3. Нұрғайыров Нұржігіт 4Б класс оқушысы — облыс әкімінің шыршасы
  4. Жұмағали Інжу 2Б класс оқушысы — облыс әкімінің шыршасы
  5. Айтмұханбет Шұғыла 4А класс оқушысы – қала әкімінің шыршасы

Президент шыршасында өңір басшысы А.Шахаров балаларды мерекемен құттықтап, энциклопедия және тәтті сыйлықтар таратып, 100 мың теңге көлемінде сертификат табыстады. Ал облыс және қала әкімінің шыршасына қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар берілді.
Ұлу жылына арналған театрландырылған қойылым көрсетілді. Балалар қазақ ертегілері мен танымал мультфильмдерге саяхат жасап, ондағы кейіпкерлерімен ойын ойнап, тапсырмалар орындады. Аяз ата, Ақшақармен бірге көңілді байқаулар мен викториналар ұйымдастырылды.

Қала әкім шыршасына қатысқан Аймұханбет Шұғыла «Қазақстан-Ақтөбе» каналына сұхбат берді.