Бракераж комиссиясы «Елек орта мектебі»

Бракераж комиссиясы «Елек орта мектебі» асханасының 2026–2027 оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында асхана бөлмелерінің санитарлық жағдайын, ас үй жабдықтарының жарамдылығын, ыдыстардың жеткіліктілігін, азық-түліктерді сақтау жағдайын, асхана қызметкерлерінің жұмысқа дайындығын және қажетті құжаттардың болуын тексерді.

✅Тексеру барысында:

  • асхана бөлмелерінің жалпы санитарлық жағдайы қаралды;
  • ас үйдің, тамақтану залының тазалығы тексерілді;
  • асханадағы жиһаздар мен технологиялық құрал-жабдықтардың жағдайы қаралды;
  • тоңазытқыш жабдықтарының жұмыс жағдайы тексерілді;
  • азық-түліктерді сақтау талаптарының сақталуы қаралды;
  • асхана ыдыстарының тазалығы мен жеткіліктілігі тексерілді;
  • ауыз суға қойылатын санитарлық талаптардың орындалуы қаралды;
  • асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуі және жеке санитарлық талаптарды сақтауы қаралды;
  • тағам дайындау және тарату орындарының санитарлық жағдайы тексерілді;
  • асханадағы қажетті журналдар мен құжаттардың жүргізілуі қаралды;
  • ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі қаралды;
  • дайын тағамдардың сапасы, сыртқы көрінісі, дәмі және температуралық жағдайы тексерілді;
  • тағам дайындау барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы қаралды;
  • азық-түліктердің жарамдылық мерзімі мен дұрыс сақталуы тексерілді;
  • асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі қаралды;
  • асханадағы тазалық жұмыстарының жүргізілуі тексерілді;
  • оқушыларды тамақтандыру кестесінің ұйымдастырылуы қаралып,оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге дайындығы анықталды.