Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұлы тұлға. Сіздердің шәкірттерге сапалы білім берудегі қажырлы еңбектеріңіз, әр балаға деген жанашырлықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз зор құрметке лайық.
Ұстаздық жол – үлкен жауапкершілікті, сабырлылықты, ізденісті және жүрек жылуын талап ететін қасиетті жол. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі – білімді, тәрбиелі, елжанды ұрпақ.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін! Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлап, еңбектеріңіздің мәртебесін биіктете берсін!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ!
Ізгі ниетпен,
мектеп директоры
Аққали Нұрлаұлы
