«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алудың маңыздылығы және әр азаматтың адалдық қағидаларын ұстануы туралы түсінік берілді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, адалдық, әділдік, жауапкершілік және заңды құрметтеу тақырыптарында пікір алмасты.
