Ақтөбе қаласының білім
бөлімінің басшысы
М.О.Қосымбаеваға
“Елек орта мектебі” КММ-нің
әкімшілігінен
Хабарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 3-қосымшасына, яғни 01.03.2023 №56 бұйрығына сүйене отырып бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес, «Елек орта мектебі» КММ-сі, 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
«Елек орта мектебі» КММ-сі қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қурайлы ауылы, Есет – батыр көшесі, 15 мекен – жайы бойынша жүргізіледі.
Электронды мекен – жайы: ilek_sh@mail.kz
байланыс телефоны: 8(7132) 73-01-97
Қамқоршылық кеңес – заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
- білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
- білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогикалық ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
- білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары:
- әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
- тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
- халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
- білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
- Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
- Білім беру мекемесіне педагогика және басқада қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
- Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
- Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
- Білім беру мекеме оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.