2025-2026 оқу жылына арналған мектеп формасы бекітілді.

Елек орта мектебі алдағы 2025-2026оқу жылына арналған бірыңғай мектеп формасы көпшілік назарына ұсынады.

? Жаңа оқу жылынан бастап оқушыларымыздың сыртқы келбеті мен ұқыптылығы, тәртібі мен мектепке деген жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы формалық киім енгізіледі.

⚜️ Форма үлгісі – қою көк түсті.

? Форма – қыз балаларға да, ұл балаларға да ортақ, кең пішімді, ыңғайлы әрі сәнді стильде дайындалған.

?Қыз балаларға арналған форма:

  • Қою көк түсті юбка (тізеден төмен)
  • Қою көк түсті классикалық жилет
  • Ақ жейде (блузка)
  • Классикалық аяқ киім

?Ұл балаларға арналған форма:

  • Қою көк түсті классикалық шалбар
  • жилет
  • Ақ түсті көйлек
  • Классикалық үлгідегі жинақы аяқ киім

✅ Бұл форма:

  • Бірізділікті қалыптастырады
  • Мектептің айрықша мәдениетін көрсетеді
  • Оқушының тәртіпті болуына ықпал етеді
  • Артық жарыс пен материалдық алшақтықтың алдын алады

? Мектеп формасы – тек киім ғана емес, білім ордасына деген құрметтің белгісі. Әр оқушы осы форма арқылы ұжымдық жауапкершілік пен тәртіпке бейімделіп, мектептің біртұтас бейнесін қалыптастырады.