PISA сынағына дайындық: ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары…

? PISA сынағына дайындық: ата-аналарға арналған түсіндіру жұмыстары өтті

Бүгін мектебімізде PISA халықаралық зерттеуіне қатысатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізіліп, маңызды ақпараттар берілді.

  • PISA – оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын халықаралық зерттеу
  • 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану бағыттарындағы дағдыларын анықтайды
  • Зерттеу нәтижесі елдің білім сапасын халықаралық деңгейде салыстыруға мүмкіндік береді

Кездесу барысында:

  • PISA форматы мен мақсаттары түсіндірілді
  • Оқушылардың дайындығы мен қолдау жолдары талқыланды
  • Ата-аналар сұрақтарына жауап берілді.Сонымен қатар, ата аналарды қолдау мақсатында тренингтер өткізілді.

Біз бірлесе отырып, балаларымыздың білімін дамытуға үлес қоса аламыз!?