Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде 2026 жылдың 15.01—26.01 аралығында жүргізіледі
Қажетті маман:
Логопед-1жүктеме,АӘ және ТД —1жүктеме,
Әлеуметтік мұғалім — 1жүктеме
Құжаттарды қабылдау 24.11-03.12.2026 ж.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап “https://hr-nobd.edu.kz модуліне орналастырасыз.
Құжаттар тізімі:
1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып ,конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы”
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ)
немесе педагог-модератордың,
педагог-сарапшының,
педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап “https://hr-nobd.edu.kz/“ модуліне құжаттарыңызды салыңыз
