Бракераж комиссиясы «Елек орта мектебі» асханасының 2026–2027 оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында асхана бөлмелерінің санитарлық жағдайын, ас үй жабдықтарының жарамдылығын, ыдыстардың жеткіліктілігін, азық-түліктерді сақтау жағдайын, асхана қызметкерлерінің жұмысқа дайындығын және қажетті құжаттардың болуын тексерді.
✅Тексеру барысында:
- асхана бөлмелерінің жалпы санитарлық жағдайы қаралды;
- ас үйдің, тамақтану залының тазалығы тексерілді;
- асханадағы жиһаздар мен технологиялық құрал-жабдықтардың жағдайы қаралды;
- тоңазытқыш жабдықтарының жұмыс жағдайы тексерілді;
- азық-түліктерді сақтау талаптарының сақталуы қаралды;
- асхана ыдыстарының тазалығы мен жеткіліктілігі тексерілді;
- ауыз суға қойылатын санитарлық талаптардың орындалуы қаралды;
- асхана қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуі және жеке санитарлық талаптарды сақтауы қаралды;
- тағам дайындау және тарату орындарының санитарлық жағдайы тексерілді;
- асханадағы қажетті журналдар мен құжаттардың жүргізілуі қаралды;
- ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі қаралды;
- дайын тағамдардың сапасы, сыртқы көрінісі, дәмі және температуралық жағдайы тексерілді;
- тағам дайындау барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы қаралды;
- азық-түліктердің жарамдылық мерзімі мен дұрыс сақталуы тексерілді;
- асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі қаралды;
- асханадағы тазалық жұмыстарының жүргізілуі тексерілді;
- оқушыларды тамақтандыру кестесінің ұйымдастырылуы қаралып,оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге дайындығы анықталды.
