Бүгін біз қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай мұрасы – ұлттық дала ойындары мен ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысымыздың куәсі болмақпыз. Бұл ойындар – ата-бабамыздың өмір салтының, ерлігі мен ептілігінің, батылдығы мен тапқырлығының айқын көрінісі.
Ұлттық спорт – тек жарыс емес, ол – тәрбие. Ол жас ұрпақты шымырлыққа, төзімділікке, батылдыққа және отансүйгіштікке баулиды. Әрбір ойынның астарында терең мән, үлкен тарих жатыр.
Бүгінгі сайыс барысында біз:ептілік пен жылдамдықты, күш пен шыдамдылықты,тапқырлық пен ұйымшылдықты көретін боламыз.Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз! Әр ойын әділ бағаланып, үздіктер анықталады деп сенеміз.
Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, ал қатысушыларға жарқын жеңістер тілейміз!
Ұйымдастырушы: Досмагамбетов С.С

