Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде 2026 жылдың 03.03.-13.03.2026ж аралығында жүргізіледі
Қажетті маман:
Логопед-0,5 жүктеме,АӘ және ТД —1жүктеме,әлеуметтік педагог-1 жүктеме (уақытша), ағылшын тілі мұғалімі-18 сағат(уақытша)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап “https://hr-nobd.edu.kz модуліне орналастырасыз.
Құжаттар тізімі:
- осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып ,конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ)
- немесе педагог-модератордың,
- педагог-сарапшының,
- педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап https://hr-nobd.edu.kz/ модуліне құжаттарыңызды салыңыз