Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне орай дәстүрлі…

Мектебімізде Жаңа жыл мерекесіне орай дәстүрлі қайырымдылық жаңа жылдық акция ұйымдастырылды. Аталған акцияның басты мақсаты – мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау, оқушыларды қайырымдылыққа, өзара көмекке және сондай-ақ игі істер арқылы жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Акцияға «Ақтөбе ферроқорытпа зауытының» басшылығы өз үлестерін қосып, қолдау көрсетті. Жиналған сыйлықтар мен көмектер мұқтаж жандарға жеткізіліп, көптеген жүректерге қуаныш сыйлады. Барша қатысушыларға шын жүректен алғыс білдіреміз!