Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы «Елек орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру туралы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, «Елек орта мектебі» КММ-де Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылатынын және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.
Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, «Елек орта мектебі» КММ мекен-жайына ұсыныс жолдау elek-om@mail.ru (Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Курайлы т/а, Есет батыр 15а)
Тиісті құжаттарды қоса бере отырып, ресми ресімделген түрде табыс етіледі:
- өтінім (еркін түрде);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар;
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары қоса беріледі.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 06.10.2026ж.
байланыс телефоны:73-01-96, 87756842593