Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрінің…

Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрінің, 2018 жылы 12 қазандағы Nº564 (2024 жылы 30 қаңтар) бұйрығымен енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалпы орта білім беретін мектептерге бірінші сыныпқа құжаттар қабылданатын болады. Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа алты жастан бастап балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, даярлық деңгейіне қарамастан мектеп аумағында тұратын балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

✅Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ, қағаз бойынша тапсыра алады.

?Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде мектептерге берілетін құжаттардың тізбесі:
— ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
— №065/у «профилактикалық егу картасы» нысанындағы және №052-2/у «бала денсаулығының паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар;
— 3х4 баланың цифрлы фотосуреті.

❗Құжаттар апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін кабылданады.