Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру…

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде 2026 жылдың 10.08 — 19.08.2026ж аралығында жүргізіледі?

Қажетті маман: ?

  1. АӘ және ТД —1 жүктеме,(тұрақты)
  2. Әлеуметтік педагог- 1 жүктеме (уақытша),
  3. Математика пәні мұғалімі- 16 сағат(тұрақты)
  4. Психолог-1,5 жүктеме (уақытша)
  5. Логопед-1 бірлік(тұрақты)

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының 107-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап “https://hr-nobd.edu.kz” модуліне орналастырасыз.?

Құжаттар тізімі:?

1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып ,конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген -бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы”
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген)?
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама ;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ)
немесе педагог-модератордың,
педагог-сарапшының,
педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда)?
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинақтап “https://hr-nobd.edu.kz/“ модуліне құжаттарыңызды салыңыз?✨