Бүгін Жаңа жыл мерекесіне орай «Жекпе-жек» сарайында әкім шыршасы ұйымдастырылды. Аталған мерекелік іс-шараға қала әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы арнайы қатысып, балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Бұл шараға мектебімізден 3 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Карим жолдама алып, қатысты. Оқушы мерекелік кештен ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен және арнайы сыйлықтармен оралды.



