Білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

28 қазан күні мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті.

? Бұл білім сайысының басты мақсаты – оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылық пен логикалық ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ өз білімдерін сынап көруге мүмкіндік беру.

? Бүгінгі жарыста үздік нәтижеге жетіп, қалалық кезеңге жолдама алған дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің талпыныстарыңыз бен еңбектеріңіз – мектеп мақтанышы! ?

✨ Алдағы кезеңдерде сәттілік пен шабыт серік болсын!
Білімге құштар, биікке ұмтылған шәкірттеріміздің жеңісі – біздің ортақ жетістігіміз!