Мектебімізде Республика күніне орай мерекелік концерт өтті.
2025 жылғы 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерін дәріптеу.
Мерекелік кеште оқушылар ән шырқап, патриоттық рухтағы өлеңдер оқыды.

