Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында…

? Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында оқушыларға арналған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Тренинг барысында білім алушыларға діни экстремизмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін зияны және алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, дұрыс шешім қабылдауға және түрлі теріс ағымдардың ықпалына қарсы тұра білуіне бағытталған жаттығулар жүргізілді.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдіріп, пайдалы ақпараттармен толықты.

? Мақсаты – жас ұрпақты теріс идеологиялардан қорғау, қауіпсіз және саналы орта қалыптастыру.