15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай өтетін «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық дуатлон жарысына* Елек орта мектебінен “Елек” тобы ,4 “Ә”класс оқушысы Балакир Жұлдызай Дидарқызы ата — анасымен бірге жарысқа қатысып 4 орын иеленді.Біздің отбасы «Отбасы – бақыт мекені» атты дуатлон жарысына үлкен қуанышпен қатысты. Бұл жарыс отбасы мүшелерінің бірлігін, ұйымшылдығын және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Жарыс барысында біз жүгіру мен велосипед тебу кезеңдерінен өтіп, өзара қолдау көрсетіп, белсенділік таныттық.
Осындай спорттық шаралар отбасы арасындағы сыйластықты арттырып, балаларды шыдамдылыққа, жауапкершілікке және жеңіске ұмтылуға тәрбиелейді. Жарыс кезінде әр отбасы өз өнерін, шапшаңдығын және татулығын көрсетті.
Біз үшін бұл жарыс тек спорттық сайыс қана емес, отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізіп, қуанышты сәттерді бөлісуіне мүмкіндік берген ерекше шара болды. Осындай игі іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтып, денсаулықты сақтауға үлкен үлес қосады.
