«Ұлттық тәрбие-құндылық бастауы» класс жетекшілер апталығы

Елек орта мектебінде 14 мамыр 2024жылы «Ұлттық тәрбие-құндылық бастауы» атты класс жетекшілер апталығының ашылуы болды. Мақсаты: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан,ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын,ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттың құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы @medetbekovameruert @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev #@aqtobe_bilim_basqarmasy

Оқушылардың жаз мезгілде қауіпсіздік ережесін алдын алу

30 сәуір күні Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментіжедел құтқару жасағының қызметкерлері Елек орта мектебінің 8 кл оқушыларына жазғы мезгілдегі суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары тақырыбында дәріс оқып, практика жүзінде көрсетті. Мақсаты: жаз мезгілінде оқушылардың суда шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтауға үйрету.  

30 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан халықтарының…

30 сәуір күні 1 мамыр — Қазақстан халықтарының ынтымақ күніне орай мектебімізде “Мамыр айы-ынтымақ айы” атты бірыңғай диктант алынды. Мақсаты: 1 мамыр — Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.  

Бракеражды комисия

11 сәуір күні бракеражды комиссия мүшелері ыстық тамақтың берілу сапасына мониторинг жүргізу мақсатында мектеп асханасын тексерді. Тексеріс барысында тамақтардың өз мөлшерінде берілуін, тағамдардың дұрыс сақталуын, асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы қаралды.

2023-2024 оқу жылында мектебімізде денсаулығына байланысты

2023-2024 оқу жылында мектебімізде денсаулығына байланысты 5 а,8а,8а кластарынан барлығы 3 оқушы үйден оқытылады. Бұйрықпен үйден оқыту сағаттары бекітілді.Пән мұғалімдеріне оқу тәрбие ісі орынбасары Л.Д.Трумбетова түсіндіру жұмыстарын өткізді.